«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бақытты бала – бақытты отбасы – бақытты Қазақстан» облыстық форумы

23.06.2022

         Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес және  «Отбасы – орта мектеп» тәрбие жобасын жүзеге асыру мақсатында а. ж. 21 маусымда Атбасар қаласының № 1 жалпы орта білім беретін мекебінің базасында «Бақытты бала – бақытты отбасы – бақытты Қазақстан» облыстық форумы өтті.

Форум жұмысына Нұр-Сұлтан қаласы Отбасылық тәрбиелеу институтының қызметкерлері мен мамандары, білім басқармасының мамандары, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, педагогикалық және ата-аналар қоғамдастығы қатысты.

Отбасы мен мектепте, жалпыұлттық құндылықтардағы қоғамдық әлеуметтену институттарында балаларды тәрбиелеу - қазіргі заманғы білім берудің өзекті мәселесі. Пленарлық отырыстың жұмысы отбасылық құндылықтар, жауапты ата-ана, педагогтердің «мектеп-отбасы» интеграциялық байланысын нығайтудың жаңа әдістері мен тәсілдеріне деген қажеттіліктері мәселелерін талқылауға бағытталды.

Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы, бала тәрбиесіндегі ата-аналардың рөлі, «мектеп-отбасы» интеграциялық байланысын нығайтудағы білім беру ұйымының қызметі, отбасылық бақыт құпиялары туралы келесі спикерлер сөз сөйледі: Нұр-Сұлтан қ. Отбасылық тәрбиелеу институтының бас директоры, профессор, отбасылық педагогика және психология саласындағы консультант және сарапшы С. Л. Евдокимова, Ақмола облысы әкелер одағының төрағасы Е. Ж. Закирьянов, Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Жаңа Қима ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің «Нұршуақ» отбасылық қарым-қатынас клубының басшысы А. Б. Омарова, Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ю. А. Ионина, Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 8 жалпы орта білім беретін мектебінің ата-аналар комитетінің мүшесі А.К. Жақсыбаев, Атбасар ауданы ата-аналар қауымдастығының төрайымы Б.М.Сәдуақасова.

     Диалог алаңдарында отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер, ата-ананы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, мектеп пен отбасының  бірлескен ынтымақтастығы, оқу-тәрбие үдерісіндегі ата-аналар қауымының рөлі мәселелері талқыланды.

      Форум қорытындысы бойынша Ақмола облысының білім басқармасы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы «Отбасылық тәрбиелеу институты» ЖШС арасында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Просмотров: 427


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст