2019 жылғы 25 қыркүйек күні білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті әдіскерлерінің жұмыс тобы Мемлекет басшысының Жолдауын және орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында Сандықтау және Зеренді аудандарының білім беру ұйымдары директорларының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен кездесу өткізді. Барлығы: 170 педагог қатысты.
Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Баймакова Жанаргүл Даулетқызы 2019-2020 оқу жылы білім сапасын арттыруға жағдай жасау және оқу - тәрбие үрдісінің ерекшеліктері бойынша баяндама жасады. Тәрбие бөлімінің басшысы Кажигалиева Шолпан Қалиқызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін және тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелерін түсіндірді. 2019-2020 оқу жылында білім беру үдерісін нормативті-құқықтық қамтамасыз ету мәселелері бойынша Баганалинова Раушан Болатқызы сөз сөйледі.
Кездесу барысында «АКТ» және «Информатика» оқу пәндерін үлгілік оқу бағдарламасы бойынша оқытуға көшу, «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» оқу пәндерін енгізу мәселелері, сондай-ақ ағымдағы мәселелер талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша жеке кеңестер беріліп, ұсынымдар қабылданды.