2019 жылғы 27 қыркүйек күні Ақмола облысы білім басқармасысының және облыстық оқу – әдістемелік кабинеті әдіскерлерінің жұмыс тобы мемлекет басшысының Жолдауын және орта білім беру ұйымдарында оқу – тәрбие үдерісі мазмұнының ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында Егіндікөл ауданының білім беру ұйымдарының директорларымен, директорлардың оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен, мұғалімдермен кездесу өткізді. Барлығы 70 педагог қатысты.
Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенова Ботакөз Балапайқызы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша айтып өтті.
«2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» облыстық оқу - әдістемелік кабинетінің директоры Баймакова Жанаргүл Даулетқызы баяндама жасады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы аясындағы жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының негізгі бағыттары жөнінде облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Кажигалиева Шолпан Қалиқызы сөз сөйледі.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларындағы соңғы өзгерістер мен толықтырулар және осы оқу жылындағы нұсқаулық - әдістемелік хаттардың негізгі ережелері туралы облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің басшысы Баганалинова Раушан Болатқызы айтып өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша жеке кеңестер беріліп, ұсынымдар қабылданды.