«Ешқашан тоқтамаңыз! ... тек басқалардың білімін бастауға қабілетті болғанға дейін, Сіз өз білімдеріңізбен жұмыс істеуді жалғастырасыз»
Қазіргі заманғы білім беруді жаңартудың шарттарының бірі педагогикалық кадрлардың кәсіби құзыреттілігінің жоғары деңгейі болып табылады. Инновациялық идеяларды ұғынуда, педагогикалық дәстүрлерді сақтау және нығайтуда, белсенді жаңашыл ізденісті ынталандыруда кәсіби конкурстарға қатысу маңызды роль атқарады.
2019 жылғы 27 қыркүйек күні Көкшетау қаласы № 6 орта мектеп-лицейінің базасында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес Ақмола облысының математика, физика және информатика мұғалімдеріне арналған VII Республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Қазылар алқасының мүшелері жаратылыстану-математикалық бағыттағы мұғалімдер үшін өткен халықаралық шығармашылық конкурстарының жеңімпаздары болды.
Конкурс қорытындысы бойынша келесі нәтижелер алынды:
Математика бойынша
1 орын – Мукушева Махаббат Аманжолқызы, Бурабай ауданы «Ақылбай орта мектебі» КММ;
2 орын – Бичун Максим Николаевич, Ақкөл ауданы «Новорыбинка орта мектеп-бақшасы» КММ;
3 орын – Кравченко Ольга Владимировна, Атбасар ауданы « №2 орта мектебі» КММ.
Физика бойынша
1 орын – Лозинский Дмитрий Болеславович, Бурабай ауданы «С. Сейфуллин атындағы орта мектебі» КММ;
2 орын – Исламова Алия Бексұлтанқызы, Көкшетау қаласы«№ 17 орта мектеп-гимназиясы» КММ;
3 орын – Макашева Маржан Солтанбекқызы, Ерейментау ауданы «№2 орта мектеп-лицейі» КММ.
Информатика бойынша
1 орын –Хавдеш Еркін, Көкшетау қаласының «М. Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясы» КММ;
2 орын – Бейсембаев Арман Сагидуллаевич, Бурабай ауданы Щучинск қ.
«№6 орта мектеп-гимназиясы» КММ;
3 орын–Аманкелди Тлеген, Көкшетау қ. «№1 орта мектеп-гимназиясы» КММ.
Кәсіби өсуге бағытталған педагог педагогикалық шеберлігін арттыру және өз жұмысының тәжірибесін тарату мақсатында өзін кең жұртшылыққа көрсетуге тырысады. Облыстық байқаудың жеңімпаздарына Республикалық кезеңде табыс тілейміз.