30 қыркүйек күні Көкшетау қ. № 2 мектеп-лицей базасында қала мектептері директорларының оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен оқыту семинары өтті. Қазіргі жағдайда оқу-тәрбие үрдісінің өзекті мәселелері, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім берудің инновациялық түрі, мектепішілік бақылау мәселелері бойынша облыстық оқу-әдістемелік кабинеті директорының орынбасары, п.ғ.к. Г.Б.Кушпаева сөз сөйледі. Тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Ш.Қ.Кажигалиева «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы бойынша тәрбие жұмысының негізгі бағыттары туралы ақпарат берді. Дене шынықтыру, спорт және алғашқы әскери дайындық оқу-әдістемелік орталығының директоры А.А.Ермұханов дене шынықтыру және АӘТД пәндерін оқыту ерекшеліктері туралы айтып өтті. Жұмыс оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларының ерекшеліктерін мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің басшысы Баганалинова Раушан Болатқызы түсіндіріп өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша ұсынымдар жасалып, сұрақтарға жауаптар берілді. Кеңеске 50-ден астам адам қатысты.