«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған іс-шаралар өтті

01.10.2019

 

Тіл - қай халықтың болмасын рухани қазынасы. Дәстүрді құрметтеу, мәдениетті қастерлеу - тілмен келетін, тілмен сіңетін, тілмен қалыптасатын құбылыс. Ана сүті арқылы бойға дарыған тіл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ол байланыс құралы ғана емес, тарихымыздың ажырамас бөлігі, діліміздің тірегі, мәдениет пен әдебиеттің биік тұғыры болып саналады.

Осыған орай  2019 жылғы 5-20 қыркүйек аралығында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесінің аясында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында Ақмола облысының аудандық және қалалық білім беру ұйымдарында тілдер онкүндігі өткізілді.

Мерекелік шара барысында оқушылар үшін мектептерде қазақ әуендері шырқалып, қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды.

Осы іс-шара аясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналып «Абай – дана, Абай – дара» әдеби музыкалық кеш, «Поэзия тілдің билеушісі» әдеби сурет залы, Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында ақпараттық- танымдық іс-шаралар, «Ахмет Байтұрсынұлы -  қазақ әліпбиінің негізін қалаушы» тақырыптық сабақтар, қазақ әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең- кезеңмен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес облыс бойынша жалпы халықтық диктант өткізілді. «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі», «Үштілдік- заман талабы», «Тіл тағдыры, ел тағдыры» мемлекеттік тіл білгірлері арасында викториналар, «Ауылым – алтын бесігім» бастауыш сыныптар арасында суреттер байқаулары т.б. ұйымдастырылды.

Іс-шаралар қорытындысы бойынша оқушылар естелік сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.

Просмотров: 557


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст