Буккроссинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі») - «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Буккроссингтің ережесі бойынша, кез-келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын қоғамдық көпшілік орындарда (саябақ, кафе, кітапхана және т.б.) қойып кете алады, кейін бұл кітапты тауып алған басқа адам оқиды, оқып болған соң, ол да сол кітапты орнына тастап кетеді, дәл осылай ол кітапты басқа оқырман оқи алады. Бұл қоғамдық қозғалысқа қатысушыларды – «буккроссерлер» деп атайды.
Буккроссингтің мақсаты: оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу, әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру, кітапханаға оқырмандарды тарту, күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу, әлемді үлкен кітапханаға айналдыру.
Осыған орай, «Рухани жаңғыру бағдарламасы шеңберінде «Кітап – білім бұлағы» жобасы негізінде аудандық және қалалық білім беру ұйымдарында (мектеп, колледж) әр жаңа оқу жылынан бастап оқу жылы аяқталғанға дейін буккроссинг жүргізілуде.
2019 жылғы 25 қыркүйектегі жағдай бойынша аудандық және қалалық білім беру ұйымдарында 22979 оқушы қамтылған 5034 іс-шаралар ұйымдастырылды: «Қазақстан халқы тілдері күні», «Кітап - білім бұлағы», «Оқып болдың ба - басқа оқырманға бер», «Отбасы - тәрбие мектебі», «Кітап әкел, ал, оқы», «Оқы және өзгеге ұсын», «Көптілділік-болашақ кепілі», «Қазақ халқының атақты ұлы», «Әлем халықтарының ертегілері», «Сыбайлас жемқорлық-жаһандық проблемасы», «Қазақстан достықтың – мекені», «Бірінші байлық – денсаулық» және т.б. тақырыптарда ақпараттық кітап көрмелері, ашық тәрбие сағаттары, «Абай дана-Абай дара» мәнерлеп оқу сайысы және т.б. оқушылардың қызығушылығын тудырды.