Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Конкурстың мақсаты: оқу пәндерінің, элективті курстардың, арнайы курстар мен таңдау курстарының авторлық бағдарламаларын жасайтын үздік педагогтардың озық авторлық тәжірибесін анықтау және тарату.
Конкурсқа 5 жылдан кем емес педагогикалық өтілі бар, оқу-әдістемелік кешендерін, интеграцияланған білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдар мен ұсынымдарды, дидактикалық материалдарды, жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын гимназиялардың, лицейлердің, мамандандырылған мектептердің оқу жоспарларының мектептік (вариативтік) компонентінің пәндері (курстары) бойынша білімді, шеберлікті және дағдыларды бақылауға арналған тесттерді ұсынған Ақмола облысы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері қатысты. Байқауға ұсынған жұмыстарын білікті қазылар алқасы, Ақмола облысының Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ғалымдары, бағалады.
Сараптама жұмысы нәтижесінің негізінде облыстық оқу-әдістемелік кабинеті 2019 жылдың 9-12 қараша күндерінде «Алтын Қарғалы» (Алматы) шипажайы базасында өтетін аталған байқаудың республикалық кезеңіне келесі педагог қызметкерлерін жолдайды:
І дәрежелі диплом: Мальцева Ольга Нурпашевна, Көкшетау қаласының № 37 МКМК «Өркен» бала-бақшасының тәрбиешісі
Авторлық бағдарлама: «Қосымша білім беру бағдарламасы «Мектеп жасына дейінгі балаларды қағаз пластикасы арқылы көркемдік-эстетикалық тәрбиелеу»
ІІ дәрежелі диплом: Москаленко Елена Анатольевна, Көкшетау қаласының № 3 МКМК «Ертөстік» балабақшасының тәрбиешісі Авторлық бағдарлама: «Оригами сиқырлы әлемі». Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ауыспалы компоненттік бағдарлама
ІІ дәрежелі диплом: Смагулова Гульмира Каировна, Біржан сал ауданы «Донской орта мектебі» ММ бастауыш сынып мұғалімі.
Авторлық бағдарлама: «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылық қабілеттерін дамыту» (мұғалімдерге арналған көмекші құрал).
ІІІ дәрежелі диплом: Джакупова Айнура Сайдаровна, Көкшетау
Қаласы, «№ 19 орта мектебі» ММ химия пінінің мұғалімі.
Авторлық бағдарлама: "Химия " 7-сыныпқа арналған таңдау курс бағдарламасы».
ІІІ дәрежелі диплом: Меренцова Ирина Евгеньевна, Көкшетау қаласының білім бөлімінің № 8 ОМ технология мұғалімі
Авторлық бағдарлама: «Бисер қиялы. Бисермен жұмыс оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту құралы ретінде».
ІІІ дәрежелі диплом: Турлыбекова Гульмира Акановна, Көкшетау қаласының № 2 «Жұлдыз» балабақшасының тәрбиешісі
Авторлық бағдарлама: «Қосымша білім беру бағдарламасы «Қамырпластикасы көмегімен мектеп жасына дейінгі балаларды көркем-эстетикалық тәрбиелеу».
ІІІ дәрежелі диплом: Куренбаева Айгуль Каиргельдовна, Бұланды ауданының білім бөлімінің «Шұбаршаған» ОМ химия мұғалімі Авторлық бағдарлама: «9-11 сыныптарға арналған факультативтік курс "Химиялық есептер"»
ІІІ дәрежелі диплом: Кинцель Александр Евгеньевич, Степногорск қаласының білім бөлімінің А. Құнанбаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі. Оқу-әдістемелік кешен:
1) 7 сынып оқушыларына арналған биология пәнінен маманалды курс «CLIL: 7 сыныпта биология тақырыптарын ағылшын тілінде өткізу» (бірінші бөлім);
2) Оқу-әдістемелік құрал «7 сыныпқа биология пәнінен жиынтық бағалау материалдарының жинағы» (екінші бөлім)
Номинациялар:
«Үздік авторлық бағдарлама» облыстық кезеңінің жүлдегерлерін құттықтаймыз, республикалық байқауында сәттілік тілейміз!