«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының білім басқармасы 2019 жылғы 29 қараша күні Көкшетау қаласында «Білім алушыларды кәсіптік бағдарлау мәселелерінде арнайы ұйымдар мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдардың бірлескен қызметі туралы» І аймақаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді

10.10.2019

 

Құрметті әріптестер!

 

Ақмола облысының білім басқармасы 2019 жылғы 29 қараша күні Көкшетау қаласында «Білім алушыларды  кәсіптік бағдарлау мәселелерінде арнайы ұйымдар мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бірлескен қызметі туралы»     І аймақаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияға қатысуға шақырылады: Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Нұр-Сұлтан қаласының арнайы білім беру ұйымдарының, ТжКОБ ұйымдарының педагог қызметкерлері (пән мұғалімдері; сынып жетекшілері; әдіскерлер; психологтар; әлеуметтік педагогтар; жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары; кітапханашылар; білім беру ұйымдарының басшылары; облыстық басқармалар мен аудандық/қалалық білім бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері; білім беру ұйымдарына ғылыми-әдістемелік қолдау көрсететін ҮЕҰ өкілдері).

Конференцияға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының инклюзивті білім беруді дамыту орталығының, Түзету педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының, «Кәсіпқор» Холдингінің, ҮЕҰ қатысуы жоспарлануда.

Конференцияны өткізудің мақсаты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды (тұлғаларды) кәсіптік бағдарлау мәселелерінде арнайы білім беру ұйымдары мен ТжКОБ ұйымдарының бірлескен қызметін талқылау бойынша диалогтық алаң құру, педагогтарға әдістемелік және практикалық қолдау көрсету, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды (тұлғаларды) оқыту мәселелерінде білім беру ұйымдарының өзара іс-қимыл перспективаларын анықтау және талқылауға бастамашылық жасау, білім берудің өзекті міндеттерін іске асыру, білім берудің әртүрлі деңгейлерінің өкілдері арасында диалог ұйымдастыру болып табылады.

Просмотров: 561


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст