2019 жылғы 15 қазан күні жоғары медициналық колледжі базасында 2018-2019 оқу жылғы кәсіптік бағдар беру жұмысының қорытындысы бойынша облыстық кеңес өтті. Кеңестің мақсаты облыстық форум кезеңдерін өткізуді жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Кеңес жұмысына кәсіптік бағдар беру жұмысына жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мамандары, колледж директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагогтар қатысты. Экскурсия кезінде жоғары медициналық колледжінің оқытушылары мен студенттері таңдайтын мамандықтың ерекшелігімен және оқу орнымен таныстырды.
Осы кеңес аясында кәсіптік бағдар беру жұмысының жетекші компоненті ретінде колледж имиджі туралы мәселелер талқыланды, сондай-ақ қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардағы жұмыс тәжірибесінен жүйелі тәсіл ұсынылды.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарымен, жоғары оқу орындарымен кездесу, мектепішілік жұмыстарды өткізу, үйірме жұмыстарын ұйымдастыру, оқу-өндірістік комбинат құру, тақырыптық дөңгелек үстелдер өткізу арқылы қатысушылар аудандық мектептің білім беру деңгейінде кәсіптік бағдар беру саласында жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
2019-2020 оқу жылына кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша ұсыныстар қабылданды.