2019 жылғы 17 қазан күні Көкшетау қаласының № 1 Құрылыс-техникалық колледжі базасында Ақмола облысының білім беру ұйымдарының арасында «Жыл отбасы» облыстық конкурсы өтті.
«Жыл отбасы» конкурсын өткізу және ұйымдастыру «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланы іске асыру мақсатында өткізілді.
Конкурс отбасы институтын нығайту, ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасы құндылықтарын, қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау және көрсету мақсатымен өткізілді.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрды:
1.Визит карточкасы
2. «Отбасылық таланттарды» көрсету
3.«Шығармашылық-шабыт көзі» көрмесін көрсету.
Конкурс қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
1 орын – бірінші дәрежелі дипломмен және 100 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификатпен Жақсы ауданының Бейсеков Асылхан Қуанышұлының отбасы марапатталды;
2 орын – екінші дәрежелі дипломмен және 80 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификатпен Біржан Сал ауданының Альжанов Жеңіс Анасұлының отбасы марапатталды;
2 орын – екінші дәрежелі дипломмен және 80 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификатпен Шортанды ауданының Тоқталұлы Аманның отбасы марапатталды;
3 орын – үшінші дәрежелі дипломмен және 65 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификатпен Есіл ауданының Бөрібаев Айбар Қайыржанұлының отбасы марапатталды;
3 орын – үшінші дәрежелі дипломмен және 65 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификатпен Қорғалжын ауданының Дауылбаев Нұрғали Абдығаппарұлының отбасы марапатталды;
3 орын – үшінші дәрежелі дипломмен және 65 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификатпен Целиноград ауданының Исина Гүлдариға Есламбекқызының отбасы марапатталды.
Ақмола облысы білім басқармасының грамоталарымен конкурсқа қатысқаны және жеңіске деген ерік-жігері үшін белсенді қатысқан барлық отбасылар марапатталды.