Текст
Ағымдағы жылдың 10 тамыз күні республикалық тамыз конференциясының аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагогикалық қызметкерлерінің «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамытудың жаңа моделін іске асыру: мазмұнды сапалы жаңғырту» панельдік секциясының отырысы өтті.
Тамыз панельдік секциясы барысында қатысушылар мектепке дейінгі білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарының қызметі қаралды.
Қатысушылар үздік педагогикалық тәжірибемен танысып, өз қызметін талдап, жаңа оқу жылына арналған жоспарларды белгіледі.