Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылғы қазанның 18-19 күндері Нұр-Сұлтан қаласында «Білім беру ресурстарын жетілдіру: тәжірибе және болашағы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Конференция мақсаты: білім беру, оқу әдебиеттерін әзірлеу мен сапасын бағалаудың өзекті мәселелерін талқылау.
Конференция қатысушылары білім беруді дамыту мен білім беру ресурстарын жетілдірудің өзекті мәселелеріне тоқталды. Оңтүстік Корея, Финляндия, Ресей, АҚШ елдерінен білікті ғалымдары оқу әдебиеттерін әзірлеу және сараптау мәселері бойынша баяндама жасап, аталған тақырып бойынша өз елдерінің тәжірибелерімен бөлісті.
Екі күн ішінде Ақмола облысының 28 педагогикалық қызметкерлері конференция жұмысына қатысып, инновациялық менеджмент саласында білім беру сапасын арттыру негізі ретінде жемісті жұмыс жүргізді. Дөңгелек үстел отырыстарында білім ресурстары бойынша маңызды ақпарат алып, тәжірибелерімен бөлісіп, берілген сұрақтарына нақты жауаптар алды.