«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Республикалық «Үздік ресурстық орталық» конкурсының облыстық кезеңі өтті

21.10.2019

 

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат шағын жинақталған мектептер кадрларының білім беру және біліктілік деңгейі арттыруға, ақпараттандыру бағдарламасын енгізуге, материалдық-техникалық базаны жақсартуға бағытталған.

Оқушылардың білім беру сапасын арттыру бірыңғай мақсаттары мен міндеттері бар ресурстық орталықтарды құру, ауылдық жерлердегі оқушылардың білім беру процесінің дамуы мен сапасын қамтамасыз ету жолдарының бірі болып табылады.

2019 жылғы 16 қазан күні республикалық «Үздік ресурстық орталық» конкурсының облыстық кезеңі өтті.

«Үздік ресурстық орталық» конкурсының негізгі идеясы – магниттік мектептердің білім алушыларының білім деңгейін көтеру және әлеуметтендіру бойынша ресурстық орталықтардың қызметінің тиімді әдіс –тәсілдерін анықтау. Жобаны қорғауға 12 ресурстық орталық (тірек мектептер) қатысты.

Жұмыс барысында қатысушылар жаңа педагогикалық идеяларды, инновациялық тәсілдерді, ресурстық орталықтардың әдістемелік және оқу-тәрбие қызметін көрсетті. Конкурс облыстың үздік ресурстық орталықтарының  жұмыс тәжірибесіна анықтауға және оны таратуға мүмкіндік берді. Әдістемелік қызметтің тиімділігін, РО және магниттік мектептердің білім алушыларының жоғары білім көрсеткіштерін көрсететін шығармашылық ізденістің элементтеріне толы жарқын жобалар сараптау комиссиясының жоғары бағасына ие болды.

Республикалық конкурстың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша келесі ресурстық орталықтарға жүлделі орындар берілді:

1 орын – Шортанды ауданының «№ 3 орта мектебі» ММ ресурстық орталығы;

2 орын – Есіл ауданының «№ 3 орта мектебі» КММ ресурстық орталығы;

3 орын– Ерейментау ауданы «№ 1 орта мектебі» КММ ресурстық орталығы;

Номинациялар бойынша

  • Ақкөл ауданы «П.Исаков атындағы «№1 Ақкөл орта мектебі ММ»;
  • Целиноград  ауданы «Нұресіл орта мектебі» ММ.

Ережеге сәйкес конкурстың облыстық кезеңінің жеңімпазы республикалық «Үздік ресурстық орталық» конкурсына қатысады.

 

Просмотров: 600


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст