2022 жылғы 16 тамыз күні «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласы М. Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған гимназиясы» КММ-нің базасында «Мектепте қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқытудың қазіргі жағдайы: мәселелер мен перспективалар» қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мұғалімдердің облыстық тамыз форумының секциясы өтті.
Секция жұмысына Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының орта білім мазмұны институтының аға ғылыми қызметкері Қайыпбаева Айгүл Тоқтарбайқызы қатысты. Айгүл Тоқтарбайқызы өз сөзінде 2022-2023 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік хаттың ерекшеліктерімен таныстырып, «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» және «Құқық негіздері» пәндерін оқытуда құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыруға назар аударды.
Оффлайн форматта барлығы 100 педагог қатысты, 93 рұқсат етілген қосылу нүктесінен қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 2700-ден астам педагог онлайн форматқа қосылды.
Жұмыс қорытындысы бойынша қызметтің басым бағыттарын айқындайтын ұсынымдар әзірленді.