2022 жылғы 16 тамызда Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы тамыз форумы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтердің «Құндылыққа бағытталған жаратылыстану-математикалық білім беру» тақырыбында панельдік секция отырысы өтті. Форумда ҰБТ-ға дайындық, функционалдық сауаттылық, математикалық білім берудегі құндылыққа бағдарланған тәсіл, дарынды және талантты балалармен жұмыс, олимпиадалар мен конкурстарға дайындық мәселелері қарастырылды.
Секция жұмысына Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жетекші ғылыми қызметкері,педагогика ғылымдарының кандидаты Зәуре Әбдікенқызы Жұмағұлова қатысып, 2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік–нұсқаулық хат аясында математика пәнін оқытудың ерекшеліктері жайында айтып өтті.
Офлайн режимде барлығы 103 педагог қатысты, 84 рұқсат беру нүктесінен ЖМБ алты пән бойынша 1484 педагог онлайн режимде қосылды.Сонымен қатар, Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфир жүргізілді. Секциялық жұмыстың соңында одан әрі істеу үшін ұсынымдар қабалданды.