«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеу үшін болашақ педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті

22.10.2019

2019 жылғы 18 қазан күні білім басқармасының 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Бурабай ауданы Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжінде «Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеу үшін болашақ педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинарға педагогикалық мамандықтар бойынша оқытуды жүзеге асыратын облыс колледждерінің оқытушылары қатысты.

Инклюзивті тәжірибелерді енгізумен байланысты басты қиындықтардың бірі педагогикалық қызметкерлердің дайын еместігі болып табылады. Егер жоғары білім беру жүйесі біраз уақыттан бері болашақ педагогтарды инклюзивті білім беру жағдайында жұмысқа даярлауды көздесе, онда біздің еліміздің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде жыл сайын бірнеше мың педагог қызметкерлерді шығаруды жүзеге асыратын, осы мәселеге орталықтандырылған көзқарас жоқ және осыған ұқсас дайындық бөлек жүргізіледі.

Семинар бағдарламасына сәйкес инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеу үшін педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігі, инклюзивті білім беру ортасын жобалауда жалпы білім беру/арнайы пәндер оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін дамыту және т. б. мәселелері қарастырылды.

Ақмола облысында 2017-2018 оқу жылынан бастап педагогикалық мамандықтар бойынша білім алатын облыс колледждерінің оқу жоспарларына Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің төрағасы, саяси ғылымдар кандидаты М. Ибраевтың ұсынысы бойынша «Инклюзивті білім берудің негіздері» факультативтік   курсын енгізу басталғанын айта кету керек.

Факультативтік курстың авторы Щучинск қаласындағы жоғары педагогикалық колледж оқытушысы Н.С.Венгловская пәнді оқытудың белсенді формалары мен әдістерімен бөлісті.

 

Просмотров: 480


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст