«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жаңартылған білім беру мазмұны контексіндегі ресурстық орталықта оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері» республикалық семинар өтті

22.10.2019

Ыбырай  Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Қарағанды облысы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы  Қарағанды қаласында 2019 жылдың 21-22 қазан күндерінде  «Жаңартылған білім беру мазмұны контексіндегі ресурстық  орталықта  оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері» тақырыбындағы  республикалық семинар ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақты мектептер дамуының негізгі мақсаттарын талқылау және тірек мектептерінің (Ресурс орталығы) жұмысын ұйымдастыру бойынша Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, «Керней ЖОББ тірек мектебі (Ресурс орталығы)» КММ-нің   үздік тәжірибесін тарату. Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ж.Жылбаев ашып баяндама жасады.  

Семинар қатысушылары: облыстардың оқу-әдістемелік орталықтарының/кабинеттерінің директорлары, облыстардың шағын жинақты мектептері мен тірек мектептеріне сүйемелдеу көрсететін білім басқармасының мамандары, тірек мектептердің директорлары.

Ақмола облысынан  білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Ж.Д.  Баймакова  мен  мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы А.С.  Сүлейменова  іс-шараның жұмысына  белсенді қатысып, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақты мектептерді дамыту мәселелері және оларды шешу жолдары;  тірек мектеп және шағын жинақты мектептің білім беру кеңістігін ұйымдастырудың инновациялық жолдары  тақырыптарын талқылады. Семинардың практикалық бөлігінде жаратылыстану-математикалық  және  қоғамдық-гуманитарлық бағыттары  бойынша панорамалық сабақтар (инварианттық компонент)  көрсетілді, Корней тірек мектебінің үздік тәжірибесі жалпыланып, таратылды.

Просмотров: 696


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст