Педагог қызметкерлердің тамыз кеңесі аясында «Білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің жұмысын әдістемелік сүйемелдеу және үйлестіру» тақырыбында педагог-психологтар секциясының отырысы өтті.
Секция жұмысына Ақмола облысы білім басқармасының өкілдері, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің психологиялық қызметінің әдіскерлері, педагог-психологтардың қалалық және аудандық әдістемелік бірлестіктерінің басшылары, ведомствоға бағынысты ұйымдардың педагог-психологтары қатысты. Отырыс аралас форматта өткізілді.
Секцияны өткізу барысында психологиялық қызметтің жұмысын нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету; психологиялық-педагогикалық зертхананың 2020-2023 жылдарға арналған жоспарын іске асыру, білім беру процесіне қатысушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының тиімді түзету-дамыту жұмысының құралдары, педагогикалық қызметте педагог-психологтың тиімді өзін-өзі ұйымдастыру практикасы, педагог-психолог жұмысындағы ақпараттық-ағартушылық және ұйымдастырушылық-әдістемелік бағыты, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету сияқты өзекті мәселелер талқыланды.
Секция жұмысының қорытындысы бойынша педагог-психологтардың ұсынымдары талқыланып, қабылданды. Сондай-ақ, алдағы оқу жылына арналған өзекті міндеттер қаралды.
Құрметті әріптестер! Сіздерге жаңа оқу жылында мықты денсаулық, сарқылмас шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз!