2022 жылы 16 тамыз күні «Ақмола облысы білім басқармасы» ММ-нің ұйымдастыруымен «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» аясында «Білім беру ортасы: инновациялар, мазмұны, басқару формалары мен әдістері» тақырыбында аралас форматта жалпы білім беретін мектеп директорларының дәстүрлі тамыз форумының секция отырысы «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп – гимназиясы» КММ-де өтті.
Отырысқа СЕО Ұлттық Ұстаз онлайн Академиясының директоры, Көкшетау қаласындағы «USTADY» Ұлттық тестілеу орталығы филиалының директоры және жалпы білім беретін, тірек және магниттік мектептерінің директорлары, облыстық директорлар кеңесінің мүшелері, білім басқармасының мамандары, облыстық және аудандық оқу-әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлері қатысты.
Секция қатысушылары білім алушылардың тұлғасын зияткерлік, адамгершілік - рухани, шығармашылық дамыту және білімді дағдыларды қалыптастыру, отаншыдыққа тәрбиелеу арқылы білім беру процесін ұйымдастыру және бүгінгі заманауи мектепті басқарудың жүйелі тәсілінің өзекті мәселелер және сұрақтар талқылады.
Жұмыс барысында «Жаңа Қазақстандағы мектеп дамуының жаңа көрінісі», «Ақмола облысында білім беруді дамыту», «Оқу-тәрбие процесін этномәдени құндылықтар негізінде жаңаша ұйымдастыру», «Оқуға құштар мектеп» жобасы туралы және т.с. тақырыптар бойынша қатысушылар ойларымен, тәжірибелерімен бөлісіп, ортаға салды.
Секцияның екінші бөлімінде "Тірек мектеп – магниттік мектептер" пилоттық жобасы бойынша жұмыс жүргізу және «Оқу жылының басталуын ұйымдастыру» бойынша қатысушылар пікірлерімен алмасты. Отырыс барысында ұсынымдар әзірленді.