«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамытудың жаңа моделін іске асыру: мазмұнды сапалы жаңғырту» мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің облыстық панельдік секциясы

17.08.2022

          Көкшетау қаласының «Zerek» балабақшасында ағымдағы жылдың 10 тамыз күні облыстық тамыз форумының аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамытудың жаңа моделін іске асыру: мазмұнды сапалы жаңғырту» облыстық панельдік секциясының отырысы өтті.

Секция жұмысына  ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балаларды ерте дамыту институтының, «Bilim Land» ЖШС, білім басқармасының өкілдері, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қауымдастығының төрағалары, мектепке дейінгі ұйымдарының меңгерушілері, әдіскерлері, тәрбиешілері қатысты. Барлығы  офлайн және онлайн режимінде 1200 –ден астам педагог қатысты.

  Секция барысында мектепке дейінгі білім беру саласындағы нормативтік құқықтық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері, 2022-2023 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие-білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері соңында қаралып, талқыланды. Сондай-ақ мектепке дейінгі жастағы практиктердің жұмыс тәжірибесі ұсынылды.

Просмотров: 581


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст