Текст
* Ағымдағы жылдың 16 тамызында облыстық тамыз форумы аясында «Заманауи бастауыш мектеп: білім беру сапасын арттырудың өзекті мәселелері және даму келешегі» тақырыбында бастауыш мектеп педагогтерінің панельдік секциясының отырысы өтті.
* Тамыз панельдік секциясы барысында оффлайн форматта 64 және онлайн 2000-нан астам педагог қатысты. Қатысушылар 2022-2023 оқу жылында білім беру үдерісін ұйымдастыру, ұлттық құндылықтарды қолдана отырып бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру бойынша өзекті мәселелерді талқылады, үздік педагогикалық тәжірибемен танысты, өз қызметтерін талдап, жаңа оқу жылына жоспарлар белгіледі.
* Секциялық жұмыстың соңында одан әрі жұмыс істеу үшін ұсынымдар қабылданды.