«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ТжКОБ ұйымдарында үздік инклюзивті білім беру педагогы» атты республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті

25.10.2019

 

2019 жылғы 24 қазан күні Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» ҰБАО» акционерлік қоғамында  «ТжКОБ ұйымдарында үздік инклюзивті білім беру педагогы» атты конкурс өтті. Бұл конкурсқа облыстың бес колледж өкілдері қатысты.

Конкурс инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасау үшін педагогикалық қызметкерлередің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, ТжКОБ жүйесінде инклюзивті тәжірибелерді таратуға, педагогтардың бейне инклюзивті тәжірибелерді іске асыратын сабақтардың деректер қорын  құруға бағытталған.  Конкурс үш кезеңінен құрылды: «Бейне сабақ», «Менің жетістігімнің тарихы», «Жобаны қорғау».

Конкурстың үш кезеңінің қорытындысы бойынша III орынды Көкшетау қ., Қызыл жар а., № 3 Агротехникалық колледжінің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Е.Н.Моисеенко, II орынды Көкшетау қ., Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің физика және математика пәндерінің оқытушысы Р.Б. Баткульдина және I орынды Көкшетау қ., № 1 құрылыс-техникалық колледжінің тарих және география пәндер оқытушысы А.С. Кенжібаева иеленді.

Грамоталармен Ақкөл қ., № 10 агротехникалық колледжі орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы  С.В. Герасименко және Щучинск қ., жоғары педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Е.В.Тугусаева марапатталды.

Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және одан әрі кәсіби жетістіктерге жетулеріңізді тілейміз!

 

 

Просмотров: 487


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст