2019 жылғы 23-25 қазан аралығында Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында «Инклюзивті білім беру: үздіксіздігі және сабақтастығы» атты V халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтуде.Конференцияға Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің төрағасы, саяси ғылымдар кандидаты Ибраев Марат Өмірбайұлы және Ақмола облысы білім басқармасының бас маманы, «Инклюзивті білім беру» бағыты бойынша магистрі Темірбаева М.Ж. қатысуда.
Конференция мақсаты білім берудегі үдерістің үздіксіздігі мәселесін талқылау, отандық білім берудің барлық деңгейлерінде инклюзивті үдерістің сабақтастығын іске асырудағы негізгі жетістіктер мен қайшылықтарды талдау, инклюзивті білім беруді дамытуда ғылым, тәжірибе және қоғамның күштерін біріктіру болып табылады.
Конференцияға білім беру саласындағы билік органдарының өкілдері, Ресей және шет елдерде инклюзивті білім берудің теориясы мен тәжірибесін дамыту бойынша мамандары: білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтары, сарапшылар, ғалымдар, орта кәсіптік және жоғары білім беру ұйымдарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, студенттер, аспиранттар және магистранттар, әлеуметтік, мәдени және білім беру инклюзиясының мәселелерін шешетін қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысады.
Конференцияның бірінші күні біздің әріптестеріміз Ресей, Израиль, АҚШ, Беларуссия және т.б. шетел сарапшылардың қатысуымен инклюзивті білім берудің өзекті тақырыптары бойынша актілік лекцияларға, панельдік пікірталастарға қатысты, сонымен қатар «Инклюзивті білім беруді жүзеге асырудың өңірлік тәжірибесі» тақырыптық секциясында ерекеше білім беру қажеттілігі бар балалардың мәселелерін шешу шарты ретінде ведомствоаралық өзара қатынасты ұйымдастыру бойынша Ақмола облысының жұмыс тәжірибесін ұсынды.
Конференцияның келесі күндері қатысушыларға үлкен пленарлық отырысқа, дөңгелек үстелдерге, уәждемелік пікірталастарға қатысуға; мектепке дейінгі мен жоғары кәсіптік білім берудегі барлық деңгейлерінде инклюзивті тәжірибелерін іске асыратын базалық алаңдарға, сондай-ақ инклюзивті педагогикалық технологиялардың әдістемелік жәрмеңкесімен танысуға мүмкіндік берілді.