«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім беру ұйымдарының педагог - психологтары арасында «Үздік психолог» облыстық конкурсын өткізу

25.10.2019

2019 жылғы 24-25 қазан күндері Бурабай ауданының «Звездный» балаларды сауықтыру орталығында «Үздік психолог» облыстық конкурсы  өтті. Конкурс педагог-психологтардың кәсіби деңгейін арттыру және шығармашылық әлеуетін барынша толық жүзеге асыру, сондай-ақ Ақмола облысының білім беру жүйесіндегі практикалық психология қызметінің беделін арттыру мақсатында өткізілді.

 Конкурстың негізгі міндеті: дарынды, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіби құзыреттіліктерін оңтайлы меңгерген педагог-психологтарды анықтау.

 Облыстық конкурсқа облыстық білім беру ұйымдарының 18 педагог-психологы қатысты.

 Конкурс  үш санат  бойынша өткізілді: 

I санат-3 жылға дейін жұмыс өтілі бар психологтар;

II санат-3-7 жыл жұмыс өтілі бар психологтар;

III санат-7 жылдан астам жұмыс өтілі бар психологтар.

Конкурсқа  қатысушылар кәсіби эрудицияның деңгейін, педагогикалық жағдайларды және тестілеуді шешудегі шеберліктерін көрсетті.

Конкурс  қорытындысы бойынша Бас жүлде Көкшетау қаласы Гуманитарлы – техникалық лицейінің педагог - психологына берілді.

Жүлделі орындар келесідегідей анықталды: 

I орын - (1 санат) Федоров Екатерина Николаевна, Есіл ауданы Зареченск орта мектебінің педагог – психологы;

II орын - (1 санат) Ермахан Балнұр Абзаловна, Ерейментау ауданы Торғай орта мектебінің педагог – психологы;

III орын – (1 санат) Мантариди Татьяна Владимировна, Степногорск қаласы Ю.Гагарин атындағы  №7 орта мектептің педагог-психологы.

I орын - (2 санат) Азанова Акнур Мырзабековна, Бұланды ауданы Макинск қаласы мектеп – гимназиясының педагог – психологы;

II орын – (2 санат) Алауханова Гульвира Мухиденқызы, Ақкөл ауданы Ақкөл қаласы №4 орта мектебінің педагог-психологы;

III орын - (2 санат) Бахтиярова Улсана Пирмахановна, Қорғалжын ауданы, Жұмай негізгі мектебінің педагог – психологы.

I орын - (3 санат) Лазаренко Марина Васильевна, Бурабай ауданы Щучинск қаласының №10 жалпы үлгідегі мектеп – интернатының педагог – психологы;

II орын – (3 санат) Латипова Толкын Гапуровна, Зеренді ауданы М. Ғабдуллин атындағы мектеп – гимназиясының педагог-психологы;

III орын – (3 санат) Крыкбесова Алмагуль Сериковна, Біржан Сал ауданы, Степняк қаласы №1 орта мектебінің педагог-психологы.

Облыстық «Үздік психолог» конкурсының жеңімпаздары республикалық психологтар конкурсында Ақмола облысының намысын қорғайды.    

Просмотров: 566


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст