«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Республикалық тамыз форумы шеңберінде «Еңбек нарығы және кәсіптік білім: жаңа мүмкіндіктер»

20.08.2022

2022 жылғы 18 тамызда «Bolashaq saraiy» балалар мен жасөспірімдер сарайында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Е. Рамазановтың қатысуымен білім беру көшбасшыларының республикалық тамыз форумы шеңберінде «Еңбек нарығы және кәсіптік білім: жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында колледж педагогтерінің пленарлы отырысы өтті.

Іс- шараның ұйымдастырушылары ҚР Оқу-ағарту министрлігі  техникалық және кәсіптік білім департаменті және «Талап» КЕАҚ.

          Пленарлы отырыс Off-line және On-line форматында өтті. Оған онлайн және оффлайн 1300 адам қатысты. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі техникалық  және кәсіптік білім беру департаментінің, «Talap» КЕАҚ өкілдері,  (Оңтүстік Корея) «WOOSONG» университетінің өкілдері, Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Қостанай, Солтүстік-Қазахстан облыстарының білім басқармалары басшылары, орынбасарлары, бөлім басшылары, оқу-әдістемелік кабинет басшылары, бөлім меңгерушілері, әдіскерлері, колледж директорлары, орынбасарлары, оқытушылары және жұмыс берушілері мен әлеуметтік серіктестер ұйымдарының өкілдері бар.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі ТжКБ департаментінің директоры Н.Оспанова техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың 2022-2023 оқу жылына арналған міндеттерімен таныстырды.

Пленарлы отырыс барысында ҚР ОАМ ТжКБ департаменті, «Talap» КЕАҚ, «Атамекен» ҚР ҰКП, «Шаңырақ» қауымдастығы, білім басқармасы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Қостанай минералдары» АҚ, «АлтынАлмас АК» АҚ, «AITAS KZ» АҚ , «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС, ТжКБ ұйымдарының өкілдері сөз сөйледі.

Форумның практикалық бөлімінде колледждер жанындағы құзыреттілік орталықтарына бару, экскурсия, шеберлік-сағаттар, тренингтер, көрме ұйымдастырылды. Диалог және пікірталас алаңдарында  цифрландыру, әлеуметтік және халықаралық әріптестік мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, қатысушылар пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.

Просмотров: 627


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст