Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сапасын арттыру» Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында «Балдәурен» РОСО базасында 2019 жылдың 24-26 қазан күндерінде «Заманауи басшы: табыс құпиялары» атты республикалық семинар-практикум өткізілді.
Семинардың мақсаты: білім беру ұйымдарының басқару резервінде тұрған жас мектеп директорлар, директорлардың орынбасарлары, перспективалық мұғалімдер мектеп басшысының кәсіби құзіреттіліктерін дамыту, мектептегі сенімді басқару тәртібін дамыту.
Тыңдаушыларға Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының профессор-оқытушылары, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, «USTAZ Professional Learning Centre» орталығының, Көкшетау қаласының педагогикалық шеберлік орталығының, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі филиалдарының қызметкерлері дәріс сабақтар, шеберлік-сыныптар, тренингтер, практикалық сабақтарды ұймдастырып көрсетті.
Аталған іс-шараға Ақмола облысынан облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім басшысы, мектеп директорлары мен директорлардың орынбасарлары қатысты. Семинар-практикумның жұмысында инновациялық менеджмент саласында білім беру сапасын арттыру, қазіргі заманда мектепті басқару бағыттарын анықтау, жас басшының өз-өзін жетілдіруі туралы сұрақтары талқылады.
Екі күн ішінде семинар тыңдаушылар шеберлік сабақтар беруші ғалым мамандарымен диалог құрып, өздеріне нәтижелі тәжірибе алды.