2019 жылғы 28 қазандағы жағдай бойынша Ақмола облысының мектептерінде 22277 оқушы қамтылған келесі іс-шаралар өткізілді: «Абайдың өмірі мен шығармашылығы» атты Абайдың шығармаларына саяхат, көркем оқулар, «Кітпаханаға сыйлық», «Кітап-білім бұлағы», «Оқып болдың ба - басқа оқырманға бер», «Абай-дара, Абай-дана қазақта», «Күзгі калейдоскоп», «Кітаппен дос боламыз», «Тілің - сенің тірегің» С.Сейфуллиннің туған күніне арналған тілдер онкүндігі», «Буккроссинг» деген не?, «Кітапты неге оқу керек», «Кітапхана бойынша экскурсия», «Кітапқа еркіндік бере отырып, оған өмір сыйла», «Оқитын қалаға саяхат», «Буккроссинг мектепке қадам жасайды», «Ертегі бізде қонақта», «Бүкіл әлемді кітапханаға айналдырамыз», «Айналаңдағы әлемді қалай өзгертуге болады», «Кітапты сыйлыққа ал», «Менің сүйікті кітабым» кітап көрмелері, ашық тәрбие сағаттары, «Менің ұлы Көкшетауым» тақырыбына суреттер конкурсы, «Тіл тағдыры-ел тағдыры» атты дөңгелек үстел, «Дені саудың-жаны сау!» ақпараттық стенд «Ж. Бектұров және оның шығармашылығы» атты оқырман конференциясы, жоба аясында мектеп кітапханаларында «Алақай! Қаншама қызықты кітаптар», «Мен тұратын өлке», «Кітап – адамның досы» атты ашық есік күні өткізілді.