«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақ тіліне бойлау жобасының ерекшеліктері мен жүзеге асыру жолдары» пилоттық жобасы бойынша семинар өтті

29.10.2019

 

2018 жылғы 29 наурызда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мен Ақмола облысы әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.

 Осы Меморандумның мақсаты педагогтардың кәсіби деңгейін арттыру, сондай-ақ өңірдегі инновациялық білім берудің өсу нүктелерін анықтау мәселелерінде ынтымақтастық болып табылады. Меморандум аясында Көкшетау қаласынан пилоттық жобаға 3 балабақша кірді: № 1 «Арман» балабақшасы, № 5 «Қуаныш» балабақшасы, № 7 «Айша» балабақшасы.

Талдықорған қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» балабақшасы  базасында қазақ тіліне бойлау  әдістемесінің апробациясы сәтті өтті. Білім беру процесін сүйемелдеу үшін тиісті оқу-әдістемелік қамтамасыз ету дайындалды. Оң нәтижелерді ескере отырып, Астана, Талдықорған, Көкшетау қалаларының мектепке дейінгі ұйымдарына тәжірибені тарату қарастырылған.

Осыған байланысты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының білім беру бағдарламалары орталығының филиалы 2019 жылғы 28 қазан мен 1 қараша аралығында Көкшетау қаласының «№1 «Арман» балабақшасы базасында еліміздің мектепке дейінгі мекемелеріне қазақ тілін тарату тәжірибесі аясында «Қазақ тіліне бойлау жобасының ерекшеліктері мен жүзеге асыру жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өткізеді.

Қазақ тіліне бойлау жобасын жүзеге асыруда жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына тәжірибе алмасу және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында семинарға НЗМ АҚ білім беру бағдарламалары орталығының аға менеджерлері Кажигалиева Жанат Башариновна және Бигазина Перизат Курмангазиевна қатысты.

Көкшетау қаласының №1 «Арман» балабақшасының, №5 «Қуаныш» балабақшасының, №7 «Айша» балабақшасының пилоттық жобасына енген балабақшалардың тәрбиешілері, сонымен қатар «Жалын құс», «Нұршуақ» шағын орталықтардың педагогтары қазақ тіліне бойлауға әзірленген бағдарламалармен, материалдармен, әдіс-тәсілдерімен танысты, балабақшада практикалық сабақтар көрсетті, сонымен қатар «Қазақ тіліне бойлау» бағдарламасы бойынша дәрістер тыңдалып, шеберлік сағаттары  өткізілді.

Семинар барысында пилоттық бақшалардың педагогтарына алдағы жұмыс үшін ұсынымдар ұсынылды.

         

Просмотров: 626


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст