Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында жыл сайынғы білім беру қызметкерлерінің тамыз форумы өтті.
Пленарлық отырыс жұмысына Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы, Ақмола облысы бойынша «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы, аудан әкімдері, мемлекеттік органдардың, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің, жоғары оқу орындарының басшылары, педагогикалық еңбек ардагерлері, бизнес-құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар қоғамдастығының және БАҚ өкілдері қатысты.
Пленарлық отырыста өңірлік білім беру жүйесінің жұмысындағы жаңалықтар талқыланды, өткен оқу жылының жұмысы қорытындыланды және жаңа оқу жылына арналған облыстың білім беру жүйесі жұмысының стратегиялық бағыттары айқындалды.
Пленарлық отырыс барысында білім беру ұйымдарының көрмесі және мұғалімдер мен ата-аналар қауымдастығының 5 мыңнан астам өкілдерін қамтитын Instagram және Facebook-те тікелей көрсетілім өтті.
Жас, талантты, креативті педагогтерді көтермелеу және қолдау мақсатында жас педагогтерді құрметтеу дәстүрге айналды. Оларға конкурстарда, педагогикалық олимпиадаларда, авторлық жобаларды дамытуда және «Жас педагогтер Одағы» қауымдастығының жұмысын дәріптеудегі жоғары жетістіктері үшін Ақмола облысы әкімінен 100 мың теңге сомасына алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар табыс етілді:
Қатысушыларға табандылық, жаңа жеңістер, ең батыл идеялар мен жоспарларды іске асыруды тілейміз! Құттықтаймыз!