Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 709 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылға арналған жұмыс жоспарының 54 тармағына сәйкес Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының шағын жинақты мектептерді дамыту орталығы Павлодар облыстық білім басқармасымен бірлесіп 2019 жылғы 30 қазанда «Үздік ресурстық орталық» республикалық семинар - конкурсын өткізеді.
Конкурстың мақсаты: ресурстық орталықтар қызметін ұйымдастырудың үздік тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату, білім беру қызметінің сапасын арттыру, ресурстық орталықтар қызметінің нәтижелілігін бағалау, шағын жинақталған магниттік мектептердің білім алушыларын тәрбиелеу және әлеуметтендіру, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында РО және магниттік ШЖМ білім беру үдерісін ұйымдастырудың инновациялық әдістері мен тәсілдерін, заманауи педагогикалық идеяларды іздеу, ақпараттық технологиялардың жаңа әдістерін қолдану және дистациондық оқытуды қолдану, РО және ШЖМ педагог қызметкерлерінің шығармашылық әлеуетін және кәсіби шеберлігін арттыру, әлеуметтік серіктестік жүйесін дамыту желілік кәсіби қоғамдастық құру.
Ақмола облысының атынан 10 облыс арасында бірінші орынға ие болған Шортанды ауданының № 3 қазақ орта мектебі қатысты.
Құттықтаймыз! Білім беру саласында шығармашылық табыс тілейміз!