2019 жылғы 31 қазан күні Көкшетау қаласының №1 Құрылыс-техникалық колледжінде Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы өкілдерінің қатысуымен 2019-2020 оқу жылында білім беру үдерісін нормативтік-құқықтық сүйемелдеуді және критериалды бағалау жүйесін түсіндіру мақсатында әдістемелік семинар өткізілді.
Семинарға Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының үш тілді білім беру орталығының директоры Мұхамеджанова Алма Қайыркенқызы; аға ғылыми қызметкерлері Есепбай Жанбота, Рахымова Қаласкас Жанатқызы; Ақмола облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Сүлейменова Әсемгүл Тулеханқызы; білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері және Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің 100-ден астам мұғалімдері қатысты.
Әдістемелік семинар пікірталас алаңы түрінде өтті, онда әрбір қатысушыға туындаған проблемалық мәселелер бойынша өз пікірлерін айтуға мүмкіндік берілді және оларға толық, нақты жауап алынды.
Педагогтармен критериалды бағалау жүйесін жетілдіру бойынша сұрақтары мен ұсыныстары талқыланды, сондай-ақ осындай кездесулерді өткізу қажеттілігі атап өтілді.