2019 жылғы 5 қараша күні М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Туған жер – тұнған тарих» атты дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс – шараға «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының оқытушылары, Ақмола облысының тарих және археология ғылыми қызметкерлері, білім басқармасының өкілдері, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысының әдіскерлері, ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдардың директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жалпы қатысушылар саны – 70.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы шеңберінде қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру барысы туралы мәселелер талқыланды, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарын іске асыру барысында білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттырудың одан әрі қадамдары анықталды.