«Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылғы 3-5 қараша аралығында Алматы қаласындағы «Алтын Қарғалы» шипажайы базасында «Жылдың үздік психологы» конкурсының республикалық кезеңі өткізілді.
Конкурс талантты психологтарды анықтау және қолдау, олардың одан әрі кәсіби және шығармашылық өсуіне ықпал ету, сондай-ақ білім беру ұйымдарында психологтардың озық тәжірибесін насихаттау және тарату мақсатында өткізілді.
Конкурс үш санат бойынша өткізілді:
І санат-3 жылға дейін жұмыс өтілі бар психологтар.
II санат-3-7 жыл жұмыс өтілі бар психологтар.
III санат-7 жылдан астам жұмыс өтілі бар психологтар.
Қатысушылар кәсіби біліктілік, дайындық және шеберлік деңгейін көрсетті.
«Жылдың үздік психологы» конкурсының республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша Ақмола облысының өкілдері келесі нәтижелермен лайықты өнер көрсетті:
Федорищина Екатерина Николаевна, Есіл ауданы Зареченск орта мектебінің педагог – психологы «Ең үздік жыл психологы» атты VIII республикалық конкурсының II дәрежелі диплом жүлдегері (І санат);
Пугачева Екатерина Викторовна, Көкшетау қаласы Гуманитарлы – техникалық лицейінің педагог - психологы – «Ең үздік жыл психологы» атты VIII республикалық конкурсының II дәрежелі диплом жүлдегері (II санат);
Лазаренко Марина Васильевна, Бурабай ауданы Щучинск қаласының №10 жалпы үлгідегі мектеп – интернатының педагог – психологы «Ең үздік жыл психолгы» атты VIII республикалық конкурсының жүлдегері (III санат).
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!