«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған «Дағдарыс жағдайларында жастар ортасының мінез-құлық аспектілері» атты облыстық семинар өтті

07.11.2019

2019 жылғы 7 қараша күні  сағат 11.00-де Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінде білім басқармасы басшысының орынбасары  В.Г.Гамазовтың төрағалығымен «Дағдарыс жағдайларында жастар ортасының мінез-құлық аспектілері» атты семинар өткізілді.

Осы семинардың мақсаты кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың мәселерін талқылау, Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің жұмысын талдау болды.

 Семинарға Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Облыстық психикалық денсаулық орталығының» психологы А.С. Переплеткина және Ақмола облысы бойынша «BILIMFOUNDATION» қоғамдық қорының аймақтық өкілдігінің басшысы М.С.Закиров шақырылды.

 Семинар барысында құзыретті мамандардың баяндамалары тыңдалды. Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагог-психологтарының қызметтері бойынша ұсыныстар ұсынылып, қабылданды. 

Семинар жұмысына 40 адам қатысты.

Просмотров: 501


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст