«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан «Қазақстан Республикасы колледждерінің ең үздік -100 студенті» жобасының Республикалық кезеңіне қатысатын қатысушылар

11.11.2019

«Қазақстан Республикасы колледждерінің ең үздік 100 студенті» жобасын іске асыру туралы Ережеге сәйкес конкурстың екі кезеңі өтті: ішкі және аймақтық. Қатысушылардың конкурстық жұмыстарын білім басқармасының мамандары, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Жастар ісі жөніндегі бөлімінің бас маманы, Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының маманы, Ақмола облысы «JasOtan» ЖҚ Көкшетау қалалық филиалының басшысы, Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрағасы, «Jeti Qazyna» бастамашыл-шығармашылық тобының резиденті, Жастар ресурстық орталығының маманы кірген кәсіби қазылар алқасы бағалады.

Қазылар алқасы 26 қатысушының конкурстық материалдарын қарады:

  1. қатысушының жеке түлға және болашақ маман ретінде ашатын мәтін (жанры және стилі өз таңдауы бойынша) (1000 сөзден артық емес);
  2. қатысушы өзін болашақ маман ретінде таныстыратын бейне (3 минуттан артық емес) (youtube.com бейне-хостингте жүктелген көпшілік бейнеге сілтеме);
  3. қатысушы өзінің белсенді қоғамдық қызметін көрсететін бейне   (3 минуттан артық емес) (youtube.com бейне-хостингте жүктелген көпшілік бейнеге сілтеме);
  4. қатысушы өндірістік практикадан өткен колледждің әлеуметтік әріптесінің ұсыным хаты (РDF форматында сілтеме түрінде  бұлттық жадта сақталған);
  5. қатысушының фотосуреті (файл өлшемі 200 Кбайттан аспайтын   jpg пішімінде);
  6. оқу - әдістемелік кабинеттің сайтында онлайн дауыс беру.

Қорытынды нәтижелер бойынша ҚР техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Қазақстан Республикасы колледждерінің ең үздік 100 студенті» конкурсының республикалық кезеңіне қатысу үшін 12 көшбасшы қатысушы анықталды:

  1. Шарипбаев Темирлан Талгатович, «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша  Көкшетау қаласы,  азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің 4 курс студенті;
  2. Сейтханқызы Аружан, «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша Көкшетау қаласы,  Ақана сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің 3 курс студенті;
  3. Косулицкий Сергей Юрьевич, «Ауылшаруашылық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы, №3 агротехникалық колледжінің 3 курс студенті;
  4. Әлбосын Таңнұр, «Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем шығармашылық»  мамандығы бойынша     Көкшетау қаласы,  Ақана сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің 4 курс студенті;
  5. Сайлау Аяулым Мейрамқызы, «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша  Көкшетау қаласы,  азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің 3 курс студенті;
  6. Бердібек Бағлан Тұрсынхаұлы, «Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)» мамандығы бойынша Чаглинка ауылы, жоғары агротехникалық колледжінің студенті ;
  7. Шешхан Өмирзах, «Ән салу (халық)» мамандығы бойынша Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі студенті;
  8. Рыболовский Вадим Евгеньевич, «Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандығы бойынша Щучинск қаласы, жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінің 3 курс студенті;
  9. Әбдірахман Арлан Тимурланұлы, «Төтенше жағдайларда қорғау» мамандығы бойынша Көкшетау қаласы,  азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің 3 курс студенті;
  10. Ермоленко Валерий Николаевич, «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша Степногорск қаласы, «Тау-кен» техникалық колледжі" МКҚК-нің 3 курс студенті;
  11. Хамзин Дидар Ахметұлы, «Элеватор, ұн тарту, жарма және құрама жем өндірісі» мамандығы бойынша  Чаглинка с., жоғары агротехникалық колледжінің  студенті;
  12. Аманбаева Мадина Еркиновна, «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша  Щучинск қаласы,  жоғары педагогикалық колледжінің  3 курс студенті.

2019 жылдың 1-8 қараша аралығында біздің облысымыздың  12 студенті online тәртібінде «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ сайтында тіркеуден өтті.

2019 жылғы 11-29 қараша аралығында ең үздік 100 студентті анықтау мақсатында «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ веб-сайтында online тәртібінде дауыс беру өткізіледі.

Жобаның аяқталуы 2019 жылғы желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді (өткізу күні «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ сайтында және арнайы желілерде жарияланатын болады).

«Қазақстан Республикасы колледждерінің ең үздік 100 студенті» атты облыстық конкурсының  жеңімпаздарын құттықтаймыз!

 

 

Просмотров: 652


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст