21.09.2022
Таланты жастарды қолдау, жұмыс кәсіптерін және ТжКБ ұйымдарының үздік студенттерін танымал ету мақсатында 2022 жылғы 22 - 27 қыркүйек аралығында «Ақмола облысы коледждерінң 100 студенті» байқауы іске қосылды.
Байқауды іске асыруды ұйымдастырушылар Ақмола облысының білім басқармасы және білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті.
Жобаға Ақмола ТжКБ ұйымдарында «жақсы» және «өте жақсы» оқитын студенттер қатысады:
- қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың көшбасшылары, студенттік өзін-өзі басқару және еріктілер қозғалысының көшбасшылары;
- WorldSkills аймақтық, ұлттық және халықаралық чемпионаттарының және басқа да кәсіби шеберлік байқауларының қатысушылары мен жеңімпаздары;
- ғылыми конференцияларға қатысушылар және олимпиада, түрлі конкурстар, спорттық жарыстар жеңімпаздары, шығармашылық ұжымдардың өкілдері, инновациялық идеялар, стартап-жобаларының авторлары;
- мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде жұмыс істейтін бағдарламалар мен қызмет бағыттарының белсенді қатысушылары;
- жағымды жастар ұйымдарының өкілдері.