«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік авторлық бағдарлама» атты жыл сайынғы республикалық конкурс өтті

12.11.2019

2019 жылғы 11 қараша күні Ақмола облысының педагогикалық қызметкерлері үшін пайдалы күн болды. Бұл күні  Алматы қаласындағы «Алтын Қарғалы» шипажай базасында авторлық бағдарламалардың республикалық конкурсы өтті. Аталған іс-шараны дайындау мен ұйымдастыру барысында «Дарын» РҒПО-ның басты мақсаты талантты, шығармашыл педагогикалық қызметкерлерін анықтау және мұғалімдердің инновациялық педагогикалық тәжірибелерін қолдау  болып  табылды. Сондай-ақ, негізгі назар педагогтардың еңбегін бағалаудың тиімді және объективті жүйесін әзірлеуге, мұғалімдердің кәсіби қарым-қатынасын ұйымдастыруға және шығармашылық табыс алмасуға бағытталған.

Біржан сал,  Бұланды, Есіл, Қорғалжын аудандарының және Көкшетау қаласының 14 жалпы білім беретін мектептердің педагог қызметкері мен балабақша тәрбиешілерінің конкурс жұмыстарын қарау кезінде қазылар алқасы біздің облыс  мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін атап өтті. Адал жарыстың нәтижесінде 14 адамның ішінде 10-ы жеңіспен оралды.

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің белсенді қолдауы және конкурстың барлық қатысушылардың жеңіске деген ұмтылысы арқасында, біздің мұғалімдер өте жақсы нәтижені көрсетті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің грамотасымен «Кәсіби шеберлігі үшін» номинация бойынша А.А. Әбішев (Астрахан ауданы), И.Е. Меренцова, О.Н. Мальцева, Н.О. Асқарова (Көкшетау қаласы) марапатталды.

ІІ  дәрежелі дипломмен Е.А. Москаленко (Көкшетау қаласы) және    С.А. Азаматова  (Бұланды ауданы) марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломмен Г.А. Тұрлыбекова (Көкшетау қаласы),       А.К. Күренбаева, Т.В. Қалиева-Стихиляс (Бұланды ауданы) марапатталды.

Біздің жеңімпаздар – бір орында тұрмайтын әруақытта жаңа ізденістерге ұмтылатын, өз кәсіби шеберлігін жетілдіретін мұғалімдер. Қазіргі заман жағдайында, жылдам өзгеретін әлемде бұл ұмтылыс өте өзекті болып табылады.  Осындай мұғалімдер өзінің кәсіби дәржесін ғана емес, мектеп қабырғасынан  алдында мақсаты бар, жеңіске жететін түлектерді шығаруға тырысады. Білім берудің  жаңартылған мазмұнын енгізгеннен кейін бұл ұмтылыс арта түседі.

«Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының жеңімпаздарына шығармашылық табыстар, сарқылмайтын шабыт және көздеген мақсаттарының орындалуын тілейміз. 

 

Просмотров: 496


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст