«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Целиноград ауданы мектептерінің бес жүзден астам оқушысы IQanat олимпиадасына қатысты!

12.11.2019

IQanat олимпиадасының аудандық кезеңінің бірінші туры бірден Целиноград ауданының төрт мектебінде өтті және IQanat білім беру бағдарламасына қатысуға 500-ден астам оқушы ниет білдірді.

Қаражар ауылының орта мектебінің оқушысы Оспанқызы Камила олимпиада қатысушыларын құттықтап, өз тілегін білдірді. Қазіргі уақытта Камила IQanat менторлық бағдарламасы бойынша жұмыс істейді және   ашылуы 2020 жылғы 1 қыркүйекте жоспарланған Тұңғыш Президент Қорының «IQanat Kazakh-English High School» оқыту грантының иегері болып табылады.

Целиноград ауданы мектептерінің үш оқушысы Боранбекова Гүлназ, Уалиева Ақниет (Талапкер а.), Қадырғазина Балауса (Қоянды а.) қазір EduCon білім беру платформасымен айналысуда.

Балалар олимпиаданы ұйымдастырушыларға волонтерлік көмек көрсетті.

 

Просмотров: 505


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст