Текст
2022 жылғы 26-30 қыркүйек аралығында үздік педагогикалық идеяларды анықтау мақсатында республикалық инновациялық жұмыстар конкурсының облыстық кезені өткізілуде.
Конкурсқа ТжКОБ білім беру ұйымдары мен меншік нысанына қарамастан педагогтерінің жұмыстары қатысады.
Конкурсқа іске асырылған жаңа идеялар, ғылыми жаңалығы практикалық маңызы бар зерттеулер нәтижелері ұсынылуы мүмкін.
Конкурстың ұйымдастырушылары Ақмола облысының білім басқармасы және Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті болып табылады.
Қатысушыларға инновациялық жұмыстар конкурсының облыстық кезеңінде шығармашылық табыстар мен жетістіктер тілейміз.