Бүгін, 2019 жылғы 13 қарашада Көкшетау қаласындағы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің және №6 орта мектеп-лицейінің базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Оқулық" Республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Ақмола облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен "11-сыныпқа арналған жаңартылған мазмұндағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді педагогикалық қоғамға таныстыру және талқылау" республикалық семинары өз жұмысын бастады.
Семинар жұмысы барысында 13 баспадан 50-ден астам авторлар мен редакторлар 11-сыныпқа арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен таныстырады. Талқылауға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 400-ге жуық мұғалімдері қатысуда.
2019 жылғы 14 қарашаға дейін созылған семинардың қорытындысы бойынша өзгертулер мен толықтырулар еңгізу үшін қатысушылар авторлар мен баспаларға оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің мазмұны бойынша ұсыныстарын беріп жатыр.