«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жалпы білім беретін мектептер жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім беру бағытын айқындау» облыстық семинар

28.09.2022

2022 жылғы 27 қыркүйек күні онлайн режимінде «Жалпы білім беретін мектептер жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім беру бағытын айқындау» облыстық семинары өткізілді.

Семинар жұмысына инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері; психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің басшылары мен мамандары, сондай-ақ инклюзивті тәжірибені енгізу бойынша тірек мектептердің педагогтері қатысты.

Өткізілген семинар барысында білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту бойынша нормативтік-құқықтық құжаттардағы өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды; ПМПК маманы жалпы білім беретін мектепте оқыту нысаны мен бағдарламасын анықтау бойынша түсініктемелер берді; практика педагогтері білім беру бағдарламаларын бейімдеу және дараландыру, оқытудың вариативтік, арнайы және балама әдістерін пайдалану бойынша мысалдар келтірді.

Просмотров: 688


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст