«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының білім беру ұйымдарының арасында өткізілген «Отбасылық қарым-қатынас клубының үздік бейнеролигі» атты облыстық сырттай конкурсының байқау қатысушыларын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді

14.11.2019

2019 жылғы 26 қараша күні сағат 10.00-де  Көкшетау қаласы, №3 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында Ақмола облысының білім беру ұйымдарының арасында өткізілген «Отбасылық қарым-қатынас клубының үздік бейнеролигі» атты облыстық сырттай конкурсының байқау қатысушыларын  салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

 «Отбасы – тәрбие бастауы» отбасылық қарым-қатынас клубының  үздік бейнеролигі» конкурсы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында белгіленген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында  өткізілді.

 Мақсаты: Отбасы тәрбиесінің мәселелерін өзектендіру, оқушылардың отбасы туралы білімдерін кеңейту үшін ықпал ету, отбасының әрбір адамның өміріндегі маңыздылығын анықтау, баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуында отбасы рөлін, патриоттық көзқарасын арттыру.

  І, ІІ және ІІІ орынға ие болған конкурс жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және ақшалай сертификаттарымен, конкурс  қатысушылары  граматоларымен марапатталады.

 

Просмотров: 464


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст