«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Атбасар ауданында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді

15.11.2019

2019 жылға арналған Ақмола облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылғы 14 қараша күні Атбасар қ., № 1 орта мектебінде Ақмола облысындағы инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді.

Отырыс  Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің төрағасы, саяси ғылымдар кандидаты, Қазақстан Республикасы білім берудің құрметті қызметкері  Ибраев Марат Өмірбайұлы модератордың жетекшілігімен өтті. Отырыстың қатысушылары  Үйлестіру кеңесінің мүшелері; инклюзивті білім беруді жетекші ететін аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері; тірек балабақшалар меңгерушілері; тірек мектептердің директорлары; облыстық ұйымдардың басшылары. 

Қатысушылар Атбасар ауданында IQаnat олимпиадасының аудандық кезеңінің бірінші турының  ашылуы рәсіміне қатысты. Олимпиаданың мақсаты ауылдық пен қалалық оқушылар арасындағы оқу жетістіктерінің айырмашылығын қысқарту болып табылады, яғни инклюзивті білім беруді дамытудың бағытттарының бірі болып саналады.

Кеңес отырысында 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді  және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының көрсеткіштерін орындау мәселелері қарастырылды. Аталған бағдарламаны жүзеге асыруы  ағымдағы жылда аяқталады. Ақмола облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта бөлімінің бас маманы, «Инклюзивті білім беру» бағыты бойынша магистр    М.Ж. Темірбаева мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында және жалпы білім беретін мектептерде тең қол жеткізу және кедергісіз жағдайлар жасау бөлігінде білім беруді және ғылымды  дамытудың мемлекеттік бағдарламасы көрсеткіштерінің жетістіктері туралы хабарлады.

 

Просмотров: 555


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст