Текст
Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінде 2019 жылғы 15 қараша күні Ақмола облысы білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының жұмыс тобының отырысы өтті. Жалпы қатысқандар саны - 15 адам. Аталған жұмыс тобы Ақмола облысының білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмыс істеуіне бірыңғай тәсілдерді әзірлеу және олардың қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында құрылды.
Жұмыс тобының екінші отырысының күн тәртібінде облыстың барлық білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар пакетін қалыптастыру туралы мәселе қаралды. Білім беру үдерісіне қатысушылармен жұмыс нормативтері талқыланып, ұсынылды.