Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жалпы білім беру циклі оқытушыларының әдістемелік бірлестігінің семинары
15.11.2019
Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылдың 15 қарашасында «Заманауи педагогикалық технологиялар ТжКБ студенттерінің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру құралы ретінде» тақырыбында Ақмола облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жалпы білім беру циклі оқытушыларының әдістемелік бірлестігінің 1 отырысы өтті.
Отырысты өткізудің мақсаты заманауи білім беру технологиялары мен халықаралық стандарттарды пайдалану негізінде ТжКБ ұйымдарында жалпы білім беру циклы пәндерін оқыту әдістемесін жетілдіру болып табылады.
Семинар қатысушыларына білім берудің жаңартылған мазмұны, критериалды бағалау технологиясы және оны оқу процесінде қолдану әдістемесі, ТжКБ жүйесінде модульдік-құзыреттілік тәсілді енгізу мәселелері бойынша материалдар ұсынылды. Ағылшын тілі мен арнайы технологиялардан семинардың практикалық бөлімін жалғастырды.
Қатысушылар екі бағыт бойынша жұмыс істеді: гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық.
Жалпы семинар жұмысына Көкшетау қ. НЗМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Алтынбеков А. С., Көкшетау қ. ПШО штаттан тыс жаттықтырушысы Асқарова А. К., ТжКБ жалпы білім беру пәндерінің 68 оқытушысы қатысты. Барлық тілек білдірушілер баяндамалардың электронды көшірмелерін ала алды. Қатысушылар үшін Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған әдеби композиция дайындалды.
Тақырыптың өзектілігін ескере отырып, ақпараттық-білім беру іс-шараларын өткізуді жалғастыру жоспарлануда.