2022 жылғы 26-30 қыркүйек аралығында Көкшетау қаласы № 5 «Айша» балабақшасында «Мектепке дейінгі тәрбие: қазақ тіліне бойлау» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинар жұмысына «Арман» бөбекжай-бақшасы мен «Қуаныш» бөбекжай-бақшасының пилоттық жобасына кіретін балабақшалардың педагогтері қатысты.
Семинар-тренинг аясында педагогтер мектепке дейінгі мекемелерді ұйымдастырушылардың біріне айналған қазақ педагогикасының дамуына үлкен, баға жетпес үлес қосқан педагог-ағартушы Н. Кульжанованың идеяларымен танысты, сонымен қатар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ білім беру бағдарламалары орталығының аға менеджері Ж.Б. Қажығалиеваның «Заманауи ұрпақ: тәрбиенің ерекшеліктері мен заманауи технологиялары», «Қазақ тілін оқыту жобасы: психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері», «Қазақ тіліне бойлау: интеграцияланған әрекет», «Коммуникативтік дағдыларды дамыту: ситуациялық, драмалық ойындар», «Әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларды қалыптастыру: дамытушы орта», «Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту: жобалық жұмыс», «Балаларда шығармашылық дағдыларды, зерттеу қызметін дамыту: эксперименттеу, ойын ойнату», «АКТ мүмкіндіктері: интерактивті тапсырмаларды әзірлеу», «АКТ мүмкіндіктері: аудио-бейне жазбаларды әзірлеу» мәселелері бойынша дәрістерін тыңдады.
Семинар барысында пилоттық балабақшалардың педагогтеріне әдістемелік көмек көрсетіліп, одан әрі жұмыс істеу үшін ұсынымдар берілді.