Текст
2022 жылғы 24-28 қазан аралығында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін топтардың студенттеріне қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемелерін анықтау және дәріптеу мақсатында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» республикалық конкурсының облыстық кезені өткізіледі.
Конкурстың ұйымдастырушылары Ақмола облысының білім басқармасы және облыстық оқу-әдістемелік кабинеті болып табылады.
Аталған конкурстың жеңімпазы республикалық кезеңде Ақмола облысының атынан қатысатын болады.
Қатысушыларға шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!