Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 18 қазанда Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейінің базасында математика, физика және информатика мұғалімдерінің X республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Конкурстың негізгі мақсаты пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін оңтайлы игеруді көрсете алатын дарынды, шығармашыл жұмыс істейтін пән мұғалімдерін анықтау, қолдау және ынталандыру болып табылады.
Дәстүрге айналған шығармашылық конкурс көптеген басқа конкурстан математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің кәсіби қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік беретіндігімен ерекшеленеді.
Әдістемелік блоктың тапсырмаларында конкурсқа қатысушыларға есептердің «дайын шешімдерінде» қателерді табу ұсынылды. Қателер мәлімдемелер тұжырымдамаларында да, олардың дәлелдерінде де (шешімдерінде) болуы мүмкін.
Олимпиада блогында қатысушылар ұсынылған есептерді өздері шешеді, олардың кейбіреулерінде әртүрлі шешімдердің мүмкіндігінше көп санын ұсыну керек (әр түрлі идеяларды, сондай-ақ бір идеяның әртүрлі техникалық іске асырылуын қолданатын әдістер әр түрлі болып саналады).
Информатика бойынша қатысушыларға 6 тапсырма ұсынылды, әр тапсырма 100 баллмен бағаланды. Жұмысты 3 бағдарламалау тілінің бірінде орындау ұсынылды: Free Pascal, Python және C++.
Облыстық турдың тапсырмаларын орындауға 3 сағат уақыт берілді.
Конкурсқа 60-тан астам математика, физика, информатика мұғалімдері қатысты.
Конкурстың қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
Математика пәні мұғалімдері арасында:
1 орын - Дамер Болатбек, «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;
2 орын - Дауыл Ұлан "Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылының № 2 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
3 орын - Зайтунов Шыңғыс Болатұлы, «Ақмола облысы білім басқармасының Щучинск қаласының «Білім-инновация» IT лицей-интернаты» КММ.
Физика пәні мұғалімдері арасында:
1 орын – Филипов Алексей Владимирович, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының техникалық лицейі» КММ;
2 орын – Коршунова Наталья Викторовна, «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің № 2 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
3 орын - Журкин Ернар Балтабаевич, «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Волгодоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.
Информатика пәні мұғалімдері арасында:
1 орын – Мұрат Жандос Аскерұлы, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласы әл-Фараби атындағы IT лицейі» КММ;
2 орын – Иванец Александр Васильевич, «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қатаркөл ауылындағы Досов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;
3 орын – Қайролла Жазира Асылбекқызы, «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы № 9 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.
Педагогтерге республикалық конкурста Ақмола облысының намысын лайықты түрде қорғауда сәттілік тілейміз!