2019 жылғы 21 қараша күні Ақмола облысының білім беру ұйымдары арасында «Отбасы – тәрбиенің бастауы» үздік бейнеролик» атты сырттай облыстық конкурс өтті.
Конкурс Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында белгіленген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында өткізілді.
Облыстық конкурсқа қатысу үшін облыстың 18 ауданынан (қалаларынан) отбасылық қарым-қатынас клубтарының басшылары өтінім берді. Конкурс қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
1 орын– «Степногорск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Балауса» бөбекжай-бақшасының «Мен және менің отбасым» отбасылық қарым-қатынас клубы І дәрежелі дипломмен және 100 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатпен марапатталады ;
2 орын - Жақсы ауданы, Жақсы №1 орта мектебінің «Отбасы-аялы алақан» отбасылық қарым-қатынас клубы ІІ дәрежелі дипломмен және 80 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатпен марапатталды;
2 орын - Қорғалжын ауданы, Жұмай негізгі мектебінің «Шаңырақ» отбасылық қарым-қатынас клубы ІІ дәрежелі дипломмен және 80 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатпен марапатталады;
3 орын – Біржан сал ауданы, Казгородок орта мектебінің «Отау» отбасылық қарым-қатынас клубы ІІІ дәрежелі дипломмен және 65 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатпен марапатталды;
3 орын- Ерейментау ауданы, Бөгенбай батыр атындағы орта мектебінің «Нұршуақ» отбасылық қарым-қатынас клубы ІІІ дәрежелі дипломмен және 65 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатпен марапатталады;
3 орын - Зеренді ауданы, Абайорта мектебінің «Нұрлы шаңырақ» отбасылық клубы ІІІ дәрежелі дипломмен және 65 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатпен марапатталады.
Ақмола облысы білім беру ұйымдарының отбасылық қарым – қатынас клубтары арасындағы "Отбасы - тәрбиенің бастауы "атты облыстық сырттай конкурсының марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың 26 қарашасында Көкшетау қаласының дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты базасында өтеді.